Енді Қазақстан ТМД елдерінің бірінде радиация деңгейі күшейсе, бірден хабардар болады. Бүгін Мәжіліс тиісті келісімді ратификациялады. Ынтымақтастық аясында елдер өз аумағындағы радиация деңгейі мен оның өзгерістері туралы маңызды мәліметтерді бір-біріне тұрақты түрде жеткізіп отырады. Келісімге сәйкес, құзырлы органдар қандай деректер берілетіні, олардың форматы, қанша уақыт сақталатыны сияқты тәртібін әзірлейді. Қазірдің өзінде Қазақстанда тұрақты негізде ауа, топырақ және трансшекаралық су көздерінен сынама алып талдау жасайды. Бұл тұрақты түрде жүргізіледі. Мәжілісте сондай-ақ Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы одақтастық қатынастар туралы шартты ратификациялады.
Ермек Кенжеханұлы, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:
-Тәжікстан біздің старатегиялық әріптесіміздің бірі. Екі елдің тауар айналымы былтыр 595 млн долларды құрады. Соның 93 пайызы біздің экспорт. Оның негізгі бөлігін біздің ауыл шаруашылық тауарлары құрайды. Мәселен, 1,5 млн тонна астық, 80 мың тоонна күнбағыс майы, 50 мың тонна ұн, сондай-ақ ет өнімдері сатылған.