Ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу үлесі 70% жетеді

  • 24
  • 13.03.2026, 21:38

Жыл соңына дейін елімізде ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу үлесін 70% жеткізу жоспарланған. Оған қол жеткізу үшін бірнеше жоба іске асырылады. Соның бірқатарына тоқталсақ. Мәселен, сүтті қайта өңдеу қуатты 2,4 млн тоннаға, өсімдік майы өндірісі 106-дан 126 мың тоннаға дейін ұлғайтылады. Ал ұн шығаруды 11 пайызға арттыру көзделген. Крахмал мен сірне өндірісі 67,6 мың тоннаға дейін артады. Бұл жердегі өсім 10%.