Алматыда 2,5 мыңнан аса тәуелсіз байқаушы референдумды бақылайды

  • 10
  • 13.03.2026, 21:51

Алматыда референдум күні 2,5 мыңнан аса тәуелсіз байқаушы Қоғамдық коммуникациялар орталығымен бірлесіп жұмыс істейді. Бұл туралы тәуелсіз байқаушылардың ақпараттық штаб мүшелері мәлімдеді. Орталық референдум күні Астана, Алматы, Шымкент және еліміздің оннан астам өңірімен тікелей байланыс орнатып, ақпарат таратады. «Негізгі мақсат – мәліметтердің шынайылығын тексеру және жалған мағлұматтардың таралуына жол бермеу»,- дейді ұйымдастырушылар.

Нұржан Мұхамеджанова, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, медиаменеджер:

-Барлық осы аймақтардың басын біріктіретін, тікелей эфирді ұйымдастырайық деп жоспарлап отырмыз. Біздің тәуелсіз жаңағы бұқаралық ақпарат құралдарының тарапынан, әріптестеріміз өзіміздің, сол тәуелсіз байқаушы ретінде тіркеліп олар сол референдумның өту барысын қадағалайтын болады.