Уақыт айырмашылығы бойынша бірінші болып Оңтүстік Корея мен Жапониядағы қазақстандықтардың дауыс беруге мүмкіндігі бар. Мұнда жергілікті сағат 7:00-де дауыс беру учаскелері ашылды. Алғашқылардың бірі болып Токио қаласында оқитын 3-ші курс студенті Жібек Айдын дауыс берді. Ал Сеулде алғаш болып Азияның орман шаруашылығындағы ынтымақтастық ұйымында қызмет ететін Ернар Сәрсенбаев өз таңдауын жасады.