Бектенов елордадағы учаскеде өз таңдауын жасады

  • 9
  • 15.03.2026, 11:01

Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі референдумда дауыс берді. Ол елордадағы Дінмұхамед Қонаев атындағы №66 мектеп-лицейінде орналасқан №130 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.