Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов республикалық референдумда дауыс берді. Палата спикері өз таңдауын нөмірі 128 сайлау учаскесінде жасады. Учаске «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының ғимаратында орналасқан. Дауыс бергеннен кейін спикер бүгінгі күннің маңызына тоқталды. «Ол 15 наурыз Қазақстан тарихында ерекше орын алуы мүмкін»,-деді.
Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:
-Көңіл күйім жақсы. Бүгін қазақстандықтардың көңіл күйі өте жақсы деп ойлаймын. Себебі бүгін тарихи күн. Себебі халқымыздың тарихи болашағын айқындап жатырмыз. 15 наурыз біздің осы Қазақстанның тарихындағы ерекше орын алатын тарихи күн болады болашақта деп мен ойлаймын. Референдумның әділ, ашық, таза өтетініне менің күмәнім жоқ. Себебі біз ел-елді аралап келдік. Халықтың көңіл күйін көріп отырмыз бүгінгі күнде. Қолдауын сезіп отырмыз.