Осылайша елімізде республикалық референдум нәтижесінде жаңа Конституция қабылданды. Орталық референдум комиссиясы жария еткен ресми дауыс беру нәтижелеріне тоқталсақ, 9 миллион 127 192 азамат қатысты. Бұл дауыс беруге құқығы бар азаматтардың 73,12% құрады. Референдумға қатысқандардың 87,15%, яғни 7 миллион 954 мың 667 азамат жаңа Конституцияны қолдап, дауыс берген.
Нұрлан Әбдіров, ҚР Орталық референдум комиссиясының төрағасы:
- Жаңа Ата заңды қабылдау туралы шешім оны жақтап облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың кемінде 3/2 дауыс беруге қатысқан азаматтардың жартысынан астамы жақтап дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Бұл референдумде әр өңірде осы шешімді жақтап азаматтардың басым көпшілігі дауыс берді. Осылайша, республикалық референдум туралы заңнамадағыдай елдің 20 өңірінің 3/2-де дауыс беруге қатысқан жартысынан астамының оң шешімін жақтап дауыс беру туралы талап сақталды. Сондықтан жаңа Конституция қабылданды деп танылады.