Конституциялық реформа басқару жүйесін нығайтуға және мемлекеттік институттарды дамудың жаңа сын-қатерлеріне бейімдеуге бағытталған институционалдық өзгерістерді бекітеді. Бүгін дөңгелек үстелде бас қосқан сарапшылар осындай байламға тоқталды. Кездесуде елдегі саяси және институционалдық трансформацияның негізгі бағыттарына арналған талдамалық баяндама таныстырылды. Халықаралық қатынастар жөніндегі сарапшы Альберто Туркстра реформа мемлекеттік институттардың тиімділігін арттыруға бағытталғанын алға тартты. «Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығы қорының президенті Қарлығаш Жаманқұлова Қазақстандағы конституциялық реформа цифрлық дәуірдің сын-қатерлерін ескеретін адамға бағдарланған құқықтық жүйені қалыптастыратынын атап өтті.
Жандос Шаймарданов, ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры:
- Біз халықаралық сарапшылармен бірге үлкен дөңгелек үстел өткіздік. Барлығы еліміздегі реформаға оң көзқарасын білдірді. Айтар едім, қазір Қазақстан дамудың жаңа сандық өсімнен сапалы дамуға көшу кезеңіне қадам басып отыр. Осы кезеңді дұрыс қалыптастыру үшін мықты әрі бейімделгіш институттар қажет.
Уэсли Александр Хилл, АҚШ Энергетика, өсім және қауіпсіздік бағдарламасы директорының орынбасары:
-Конституция қайта қаралған кезде қоғам іс жүзінде мемлекеттік биліктің архитектурасын өкілеттіктердің бөлінуін, институттардың жұмыс істеуін және мемлекет пен қоғам арасындағы қатынастарды қайта пайымдайды. Қазақстанда бәрі ретімен өтті.