Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын құрамдағы отырысы өтті. Жиынға Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Армения Үкімет басшылары және Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев қатысты.
Айта кеткен жөн, биыл Қазақстан аталмыш одақ органдарына төрағалық етеді. Осыған орай, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев негізгі басымдық ретінде жасанды интеллектіні экономикалық интеграцияны дамытуға, кедергісіз орта қалыптастыруға және сауда географиясын кеңейтуге қолдану қажеттігін атап өтті.
Кездесуде сауда-экономикалық байланыстарды нығайту, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізу мәселелері талқыланды. Жиын Digital Qazaqstan 2026 халықаралық цифрлық форумы қарсаңында ұйымдастырылып, көпжақты диалогты тереңдетуге серпін берді.