Үкімет дәрі-дәрмек тіркеу процесін жеделдетпек

  • 16
  • 06.04.2026, 21:50

Премьер-министр Олжас Бектенов экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссия отырысында дәрі-дәрмектерді нарыққа шығару мерзімін 3-5 жылдан 100 жұмыс күніне дейін қысқартуды тапсырды.Үкімет отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономиканы ырықтандыру және бәсекелестікті дамыту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру мәселелері қаралды. Денсаулық сақтау саласында дәрілерді тіркеу «бірыңғай терезе» қағидаты бойынша жүргізіліп, сатып алу жүйесі цифрландыру арқылы жетілдірілмек. Сондай-ақ телекоммуникация нарығын дамыту, мобильді құрылғыларды верификациялау және электронды құжат айналымын жетілдіру талқыланды. Отырыс қорытындысында министрліктерге мемлекеттік мүлікті жаңарту, тарифтік саясатты түзету және табиғи монополияларды реттеу бойынша нақты тапсырмалар берілді.