Мемлекет басшысы Өзбекстан президентімен бейресми кездесу өткізеді. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев 11 сәуір күні Бұхара қаласында жүздеседі. Мемлекет басшылары екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты нығайту перспективасын, сондай-ақ өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылауды жоспарлап отыр.