Олжас Бектенов Air Products өкілдерімен инвестициялық жобаларды талқылады

  • 6
  • 29.04.2026, 21:35

 Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Air Products компаниясының (АҚШ) Еуропа және Африка өңірлері бойынша президенті Иво Болспен кездесу өткізді. Басқосуда өнеркәсіптік кооперацияны дамыту, озық технологияларды енгізу және газ химиясы саласындағы бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жайы талқыланды. Сондай-ақ көмір химиясы, сутегі энергетикасы саласындағы ынтымақтастықты дамытуға, отандық металлургия өндірістерінің тиімділігін арттыруға ерекше назар аударылды. Олжас Бектенов Қазақстан негізгі басымдық технология трансфері және заманауи өндіріс құру екенін атап өтті. Кездесу соңында Премьер-министр «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасына Air Products компаниясымен келешегі зор бірлескен жобаларды пысықтауды тапсырды.