Мәулен Әшімбаев ТМД ПАА кеңесінің отырысына қатысты

  • 7
  • 22.05.2026, 19:34

Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Тәуелсіз мемлекеттер достастығына мүше мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясы кеңесінің отырысына және мерейтойлық 60-шы пленарлық отырысына қатысты. Сенат спикері Қазақстанда жаңа Конституцияның қабылдануы ел дамуының жаңа кезеңіне жол ашқанын айтты. Пленарлық сессияда парламентаралық ынтымақтастықты күшейту және өңірлік тұрақтылықты қамту мәселелері сөз болды. Сапар аясында Мәулен Әшімбаев Қырғызстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Беларусь, Әзербайжан және Тәжікстан парламенттері басшыларымен кездесіп, ынтымақтастықты дамыту жайын талқылады.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

-Қазақстанда биылғы 15 наурызда жаңа Конституция қабылдау бойынша республикалық референдум өтті. Соның нәтижесінде азаматтарымыз Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың елдің жаңа Ата Заңын қабылдау жөніндегі бастамасын қолдады. Референдум мен дауыс беру үдерісі ашық, жария әрі халықаралық стандарттарға сай ұйымдастырылды. Дауыс беру барысын көптеген халықаралық байқаушылар қадағалады.

Марлен Маматалиев, Қырғыз Республикасы жогорку кенешінің төрағасы:

- Сіздерде болып жатқан үлкен өзгерістер жайында біз хабардармыз. Депутаттарымыз да барып, өздері көріп келді. Маған ақпарат берді. Жақсы әрі жоғары деңгейде өтті. Біз бауырлас ел болғандықтан, Қазақстандағы кез келген өзгерістер сәтті өтсе екен деп алаңдап тұрамыз. Осы сіздерде болған Конституцияның алдында сіздердің басшыларыңыз Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қырғызстан президенті Садыр Нұрғожаұлы Жапаров өте жақсы қарым-қатынаста болып, қандай мәселе болса да шешіп келе жатыр.Үлкен реформаның алдында сіздерді құттықтап кетпекпін. Бір палаталы парламент болу да үлкен өзгеріс. Мен ойлаймын, жақын арада тамызда сайлау болады. Сол сайлау жақсы өтсін.