Елордада құқықтық реформалар талқыға түсті

  • 6
  • 26.05.2026, 19:39

Қандай заңдарға өзгеріс енгізіледі? Бүгін елордада өткен «Қазақстандағы конституциялық теңгерімнің жаңа моделі» атты ғылыми-практикалық конференцияда осы мәселе талқыланды. Сондай-ақ адам құқығын қорғау, қоғам мүддесін сақтау және мемлекеттің құқықтық тетіктерін жетілдіру мәселелері қаралды. Жиынға Мәжіліс депутаттары, Президент Әкімшілігінің өкілдері, заңгер ғалымдар мен халықаралық сарапшылар қатысты. Конференция барысында мамандар құқық қолдану тәжірибесін жетілдіруге қатысты өз ойларын ортаға салды.  

Дархан Төкеев, ҚР Заңнама және құқықтық ақпарат институтының жетекші ғылыми қызметкері:

- Адам және азамат: оның құқықтары қалай жүзеге асырылып отыр? Қандай заңнамалық нормалармен жүзеге асырылып отыр? Қандай заңдар өзгеріске ұшырау керек деген сияқты, новеллалар қандай болуы керек? Сонымен қатар бізде шетелдік азаматтар бар, азаматтығы жоқ азаматтар бар. Солардың қарым-қатынасы қалай болуы керек? Ол қалай реттелуі керек деген мәселелер конференция тақырыбының бір бөлігі болып табылады.