Сенат төрағасы әлеуметтік дәмхана қызметімен танысты

  • 9
  • 27.05.2026, 19:35

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев елордадағы әлеуметтік дәмхана ұжымымен кездесті. Nazarbayev University-де орналасқан нысанда менталдық даму ерекшелігі бар азаматтар қызмет етеді. Инклюзивті жоба он жылға жуық уақыттан бері жұмыс істеп келеді. Мұнда ерекше жандардың ортаға бейімделуіне, жұмысқа орналасу және кәсіби біліктіліктерін жетілдіруге қолдау көрсетіледі. Кездесуде Мәулен Әшімбаев қазір әлеуметтік кәсіпкерліктің экономикалық маңызы артып келе жатқанын айтты. Мемлекет басшысының тапсырмасымен сенаторлар арнайы салалық заң әзірлегенін атап өтті. Аталған құжат алғаш рет нақты заңнамалық тетіктерді айқындап, әлеуметтік кәсіпкерлерді кешенді қолдаудың негізін қалыптастырды. Дамыған елдерде әлеуметтік кәсіпкерлік экономикалық өсімнің тиімді қозғаушы күшіне айналғаны белгілі.