Президент 5 заңға қол қойды

  • 6
  • 05.06.2026, 19:30

Мемлекет басшысы бес Конституциялық заңға қол қойды. «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» заңда Мемлекет басшысының құқықтық мәртебесі, өкілеттіктері және қызметі айқындалған.

Құжаттың басты жаңалығы – Вице-Президент институтының құрылуы. Мемлекет басшысы қол қойған екінші заң Құрылтай және оның депутаттарының мәртебесін айқындайды. Құжатқа сәйкес, Құрылтай – заң шығарушы билікті жүзеге асыратын ең жоғары өкілді орган болады. Одан бөлек, Президент «Қазақстан Халық Кеңесі туралы», Астанасының мәртебесі және «Әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы» конституциялық заңдарға қол қойылды.