Сенат Спикері Қырғызстан Жогорку Кенешінің төрағасымен кездесті

  • 7
  • 11.06.2026, 19:45

Сенат Спикері Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің Төрағасымен кездесті. Марлен Маматалиевтың Қазақстанға ресми сапармен алғаш рет келуі. Тараптар парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады. Мәулен Әшімбаев мейманға ілтипат білдіре келе, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы қарым-қатынас дәйекті түрде дамып келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ екі ел басшыларының бастамаларын заңнамалық тұрғыдан қолдау және өзара іс-қимылды жандандырудың маңызына назар аударды. Кездесу барысында Мәулен Әшімбаев Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформаға да тоқталып өтті.