Қазақстанда креативті индустрия қарқынды дамып келеді – Бектенов

  • 6
  • 18.06.2026, 19:36

Мұны Премьер-министр Олжас Бектенов Ресейде өткен ТМД елдері арасындағы мәдени байланыстарды нығайту, креативті және шығармашылық индустрияларды дамыту жөніндегі халықаралық конференцияның пленарлық отырысында айтты. Санкт-Петербордағы жиында Үкімет басшысы Қазақстан мәдениет пен шығармашылық қызметті қолдауды мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтары ретінде бекіткенін жеткізді. Одан бөлек жаңа Конституцияда зияткерлік және шығармашылық қызметті қорғауға кепілдік берілген. Қазақстанда қазір креативті индустрия саласында 150 мың адам еңбек етеді. Алқалы жиында Олжас Бектенов жаңа Конституция туралы да сөз қозғады.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:

-Биыл наурыз айында Қазақстанда өткен жалпыұлттық референдум қорытындысы бойынша жаңа Конституция қабылданды. Ол 1 шілдеден бастап күшіне енеді. Жаңа Ата заңымыз мемлекеттілікті нығайтуға, «Заң мен Тәртіп» қағидаты негізінде Әділетті және Озық Қазақстанды құруға бағытталған. Осы тұста Ұлы Даланың мыңдаған жылдық тарихының сабақтастығы алғаш рет конституциялық деңгейде бекітілгенін атап өткім келеді. Мамыр айында Астанада өткен «Алтын Орда» дала өркениетінің моделін зерттеуге арналған халықаралық симпозиум маңызды оқиға болды, оған әлемнің 20-дан астам елінің тарихшылары мен мәдениеттанушылары қатысты.