«Әділет» партиясы өңірлік филиалдарды құру жұмысын толық аяқтады. Партияның аумақтық бөлімшелері елдің барлық облысы мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ашылды. Филиалдарды тіркеу рәсімі аяқталғаннан кейін партия өңірлік деңгейдегі басқару органдарын жасақтау кезеңіне кіріскен. Болашақта барлық филиалда төрағалар мен басшылық органдарды сайлау рәсімі өткізіліп, бастауыш партия ұйымдарын құру жұмыстары басталады. Аумақтық желіні қалыптастыру– партияның ұйымдастырушылық құрылымын дамытудың маңызды кезеңі. Бұл қадам азаматтармен тікелей байланыс орнатуға және партия бастамаларын жергілікті деңгейде дамытуға мүмкіндік береді. Еске салсақ, өңірлік филиалдарды құру туралы шешім «Әділет» партиясының ІІ съезінде қабылданып, тиісті Ережемен бекітілген болатын. Құжатта партияның өңірлік құрылымдарының құқықтық мәртебесі, жұмыс тәртібі, басқару және ішкі бақылау жүйесі айқындалған. «Әділет» партиясы мемлекеттік тіркеуден 2026 жылғы 1 маусымда өтті.