Қ. Тоқаев Жаһандық өзгерістер институтының атқарушы төрағасы Тони Блэрмен кездесті

Қ. Тоқаев Жаһандық өзгерістер институтының атқарушы төрағасы Тони Блэрмен кездесті
  • 7
  • 24.06.2026, 09:07

Бельгия, Брюссель қаласы

Кездесу барысында Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды реформаларды жүзеге асыру мәселелері, сондай-ақ елді саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан жаңғыртудың негізгі бағыттары талқыланды.

Президент мемлекеттік институттарды одан әрі дамытуды, басқару тиімділігін арттыруды және халықтың тұрмыс сапасын көтеруді көздейтін қазіргі өзгерістер жөнінде айтты.