Премьер-министр Олжас Бектенов Еуразия даму банкі кеңесінің отырысын өткізді. Жиында қаржы құрылымының 2025 жылы атқарған жұмысы қорытыланды. Қазір банктың қатысуымен іске асырылған жобалар саны 326-ға жеткен. Оның басым бөлігі энергетика, көлік-логистика және химия өнеркәсібі салаларына қатысты. Жалпы ел экономикасына 64 млрд доллардан астам инвестиция салынған. Кеңес отырысында банктің 2027-2031 жылдарға арналған жаңа даму стратегиясы бекітілді. Құжатқа сәйкес, көлік-логистика кешені мен өнеркәсіпті дамытуға басымдық берілмек. Ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін халықаралық капитал тарту жоспарланған.