Президент Щучинск қаласындағы бірқатар нысанды аралап көрді

Президент Щучинск қаласындағы бірқатар нысанды аралап көрді
  • 8
  • 26.06.2026, 19:00

Ақмола облысы, Щучинск қаласы

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Шучинск қаласының экосаябағы таныстырылды.

Таяуда жаңғыртылған қоғамдық кеңістікте тұрғындардың серуендеп, спортпен шұғылдануына барлық жағдай жасалған.

Президент жергілікті жас домбырашылардың өнерін тамашалады. Ұлттық домбыра күніне әзірленіп жатқан өнерпаздар бірнеше күй орындап берді.

Бұдан кейін Мемлекет басшысы Burabay Arena спорт сарайына барды.

Қасым-Жомарт Тоқаев кешендегі үстел теннисі, бассейн, және жаттығу залдарын аралап көрді. Мұнда спорттың алты түрі бойынша үйірмелер жұмыс істейді.

Мемлекет басшысына өңірдегі спорт және туризм салаларының даму барысы жөнінде баяндалды.