Ақордада бірқатар ауыс-түйіс орын алды

  • 13
  • 08.07.2026, 19:33

Саяси олимптегі ауыс-түйістер. Мемлекет басшысының Жарлығымен Асламбек Мерғалиев Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы лауазымына қайта тағайындалды. Жоғарғы сотқа дейін ол Ақтөбе, Қостанай облыстық соттарын басқарған. Сол секілді Мемлекет басшысының Жарлығымен Берік Асылов Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры лауазымына қайта тағайындалды.Саяси олимпте жаңа тұлға: - Қанатбек Жайсанбаев Қазақстан Халық Кеңесі Төрағасының орынбасары – Қазақстан Халық Кеңесі Хатшылығының басшысы болып тағайындалды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев жаңа Конституция күшіне енген соң екі ай мерзімде 6 лауазым иесі тағайындалатынын мәлімдеген болатын. Ол Бас Прокурор, Ұлттық банк, Жоғарғы Сот, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Жоғарғы Сот Кеңесі төрағалары және адам құқықтары жөніндегі арнайы өкіл.