ОСК жанындағы Сараптамалық кеңес сайлау заңнамасын талқылады

  • 11
  • 08.07.2026, 19:34

Енді жемқорлық жасап, қылмысы сотпен дәлелденген азаматтар сайлау комиссиясының мүшесі бола алмайды. Сондай-ақ партияларға агитация шығынын арнайы қордан тыс қаражат есебінен төлеуге тыйым салынды. Мұндай ережелер жаңа Конституцияға бейімделген сайлау туралы заңнамада айқындалды.

Орталық сайлау комиссиясы жанындағы Сараптамалық кеңес осы өзгерістерді талқылап, іс-жүзінде қолдану мәселесін пысықтады. Олар жаңартылған заңнаманы тиімді іске асырудың маңызын атап өтіп, бірқатар ұсыныс әзірледі. 

Снежанна Имашева, ОСК жанындағы Сараптамалық кеңес мүшесі:

- Сайлау заңнамасында Мәжіліс пен Сенаттың сайлауына қатысты барлық нормалар алынып тасталды. Оның орнына Құрылтайға қатысты нормалармен толықтырылып, жүйенің пропорционалды болатыны ескеріліп, заңнама соған бейімделді.

Екіншіден, осы заңнаманы жетілдіру мәселесі қарастырылды. Әсіресе өңірлерде олардың мүшелерінің мәртебесіне қатысты мәселелер назарға алынды.