Президент Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы елшісін қабылдады

Президент Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы елшісін қабылдады
  • 8
  • 14.07.2026, 18:40

Әңгімелесу барысында Президент бауырлас Қырғызстанмен достықты, тату көршілікті, стратегиялық серіктестік пен одақтастықты одан әрі нығайтудың маңызын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбілқайыр Сқақовқа екі ел арасында көлік-транзит, энергетика, су, ауыл шаруашылығы және цифрландыру салаларындағы сан қырлы ынтымақтастықты дамыту бойынша бірқатар тапсырма берді. Сонымен қатар мәдени-гуманитарлық байланысты жандандыруға баса назар аударылды.