Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе рейстер саны артады

  • 113
  • 15.07.2026, 19:33

Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе рейстерінің саны аптасына 124-тен 152-ге дейін артады. Бейжіңде екі елдің жауапты ведомство өкілдері осындай келісімге қол қойды. Бұдан бөлек, тараптар Қазақстан мен Қытай арасында үшінші халықаралық әуе дәлізін құруды қарастырды. Жиында қазақстандық авиакомпанияларға слоттар бөлу үшін ведомствоаралық серіктестікті дамыту бағыты сөз болды. «Мұндай бастама жолаушыларды өткізу қабілетін арттырып, ұшу бағыттарын оңтайландыруға мүмкіндік береді», - дейді мамандар.