Бүгін Астанада Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпиннің Мемлекеттік басқару туралы кітабының бесінші томының тұсаукесері өтті. Жиналғандар бұл кітап Қытайдың Қазақстан және Орталық Азиямен арадағы өзара түсіністік пен сенімді ықпалдастықты тереңдету, тәжірибе алмасу тұрғысынан өте маңызды екенін бірауыздан айтуда. Қытай 40 жыл бұрын ғана негізінен аграрлық сипаттағы ел болса, қазір жалпы ішкі өнімі 20 трлн доллардан асатын, әлемнің екінші экономикасы. Бұл ел 7 триллион доллардың тұтыну тауарларын өндіріп отыр. Елдегі жаппай кедейшілік мәселесі шешілген. Орталық Азия өлкесінің Қытаймен сауда байланысы 120 миллиард доллар десек, оның 35 пайызы біздің Қазақстанға тиесілі. Сондықтан шығыстағы стратегиялық серіктес мемлекеттің толағай табыстарын тану біз үшін маңызды. Төраға Си кітабының 5-ші томында оның құпияларымен бөліседі.
Шахмаран Сейілов, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Цифрлық ғылымдар және ЖИ институтытының директоры:
- Бүгінде әлем жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар бумын бастан кешуде. Әлбетте бұл игіліктер мемлекеттік басқаруды айналып өтпейді. Бізді Қытайдың әлемдегі екінші экономика ретінде дамуы өз алдына, мемлекеттік басқару және бизнестің барлық бағыттарында әріптестікке ашықтығы мен озық тәжірбиелерімен бөлісуге ұмтылысы қуантады.