Бес бірдей қоғамдық көлікте Құрылтай депутаттарын сайлау бойынша үгіт насихат жұмыстары жүргізіледі. Партия өкілдері Павлодар қаласының трамвай басқармасының қызметкерлерімен арнайы кездесті. Бұл кәсіпорында 530 адам жұмыс істейді. Олардың 95 пайызы «Әділет» партиясының мүшесі.
Муслим Махмудов, Ж. Махмуд атындағы Павлодар қаласы трамвай басқармасы» АҚ басқарма төрағасы:
- Кездесу біз үшін табысты болды. «Әділет» партиясы сайлауалды бағдарламасын түсіндірді. Буклеттер таратты. Біз бүгін бірінші рет «Әділет» партиясының трамвайын жолға шығардық. Алдағы уақыта 5 трамвайға көбейетін болады.
Кездесу барысында облыстық штаб өкілдері партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Алдағы 5 жылдықтың жоспарын айқындады.
Асылбек Туғанбай, «Әділет» партиясы Павлодар облыстық филиалының төрағасы:
-Осы уақыт бойында біз халықтың мұң мұқтажын тыңдау үшін, өтініш, тілектері тыңдау үшін қала ішінде арнайы көшпелі шатырлар қойылатын болады. Сайлауалды штабқа әр түрлі мамандық өкілдері кірді. Денсаулық, білім, өнеркәсіп, жастарға басымдық беріліп отыр. Осы айды табысты өткіземіз деген ойымыз бар.