Президент Ұлытау облысының әкімі Есет Байкенді қабылдады

Президент Ұлытау облысының әкімі Есет Байкенді қабылдады
  • 17
  • 27.07.2026, 14:30

Президентке Ұлытау облысының әлеуметтік-экономикалық даму барысы және алдағы кезеңге арналған жоспарлар жөнінде баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдегі инфрақұрылымды дамыту, инвестиция тарту, өнеркәсіп әлеуетін көтеру, инженерлік желілерді жаңғырту және тұрғындарға сапалы әлеуметтік қызмет көрсету жұмыстары туралы мәлімет берілді.🟦

Сондай-ақ басым жобаларды жүзеге асыру жөнінде ұсыныстар айтылды

Кездесу соңында Мемлекет басшысы облыстың орнықты дамуын қамтамасыз етуге, өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға және азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар тапсырма берді.