«Ауыл» партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидаттар Ақмола облысы, Ақмол ауылындағы ет компаниясының еңбек ардагерлерімен кездесті. Кәсіпорын ет шикізатын өңдеп, шұжық және өзге де дайын өнім шығарады. Онда жергілікті тұрғындар тұрақты жұмыспен қамтылған. Жиын барысында агроөнеркәсіп кешенін дамыту, азық-түлік өндірісін қолдау, сондай-ақ елді-мекендегі басқа өзекті мәселелері сөз болды. Саяси ұйым өкілдері көпшіліктің ұсыныс-тілегін тыңдады. Қатысушылар еңбек жағдайына, саладағы мамандықтарға қатысты пікір білдірді.
Нұрай Өміржан, «Ауыл» партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидат:
- Зейнеткерлермен елді мекендерді көгалдандыру, абаттандыру мәселесін талқыладық. Сосын ең өзекті тақырыптардың бірі - жастардың қалаға кетпей, ауылда қалуы үшін не істеу керек, қандай жағдай жасау керек? Осы жөнінде пікір алыстық.