Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының өкілдері Жезқазғандағы қарттар мен мүгедектерге қызмет көрсететін арнайы мекеменің ұжымымен кездесті. Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамту саласындағы өзекті мәселелерді талқылап, қызметкерлердің ұсыныс-пікірін тыңдады.
Ал Өскеменге барған партия өкілдері көлік кәсіпорынының қызметкерлерімен жүздесті. Еңбек құқығы және медициналық сақтандыру мәселелерін ұжыммен бірге талқылады. Кездесуде жұмысшылар зейнет жасын төмендетуге қатысты сауалдар қойды.
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидаттар Ақмола облысының Зеренді ауданына да ат басын бұрды. Онда медицина қызметкерлерімен кездесу өткізді. Жиында медицина саласындағы түйткілді мәселелер туралы айтылып, шешу жолдары талқыланды.
Ілияс Жанғали, ЖСДП Ақмола облыстық филиалының төрағасы:
- Бұл кіші және ортанғы буынды медицина қызметкерлерге жалақыларын өсіру бойынша сұрақтар, резедентураға түсу бойынша сұрақтар және ауыл мекендер де медицина қызметкерлердің, яғни дәрігерлердің жетіспеушігі бойынша сұрақтар.