«Әділет» партиясы театр ұжымымен кездесті

  • 3
  • 29.07.2026, 19:44

«Әділет» партиясының өкілдері Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының ұжымымен кездесті. Жиын барысында мәдениет саласын дамыту, шығармашылық қауымдастықты қолдау жөніндегі өзекті мәселелер талқыланды. Сондай-ақ жиналғандар заманауи қалалық ортаны қалыптастырудағы өнердің рөлін сөз етті. Партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылды.

Мағжан Қыстаубаев, «Әділет» партиясы Астана қалалық филиалының төрағасы:

-Бүгінгі міне драма театрға жиналған себебіміз – осындағы театр адамдарымен бірге қосылып солардың мәселесін егжей-тегжейлі талқылап, өзіміздің тараптан партияның бағдарламасын түсіндіріп, біздің ертең үміткерлер Құрылтайға барғанда қандай өзгерістер жасайды, не жағынан көмектеседі, соның барлығын айтуға келіп, міне, кездесуде отырмыз.