«Болашақ ойындары – 2026» басталды

  • 4
  • 29.07.2026, 19:39

Бүгін елордамызда киберспорт дүниесін дүр сілкіндірген The Games of the Future 2026 Болашақ ойындары басталды. Киберспортты шынайы спорт және заманауи технологиялық игіліктермен ұштастырған бұл дүбірлі дода да заманауи әрі тың жоба. Оның тарихы 2024 жылғы Қазан ойындарынан бастау алады. Бүгінгі Астанадағы ашылу салтанатына Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров және Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон қатысты.

Татарстаннан басталып Біріккен араб әмірліктерінде жалғасқан болашақ ойындары Қазақ еліне де жетті. Астана қазір әлемдік фиджитал срорттың орталығы.Жалры ауқымды шаралар елордамыздың 4 ірі аренасында өтеді. Елу елден келген 800-ден аса киберспортшы бақ сынамақ. Дүбірлі додаға мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаевтың өзі старт берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-«Барыс аренаның» бас сахнасында ресми ашылу салтанаты өтіп жатқанда спорт алаңдарындағы бәсекелер басталып та кетті. Бүгін жарыстың бірінші күнінде Phygital баскетболшылар бәйге жолына түсті. Командалар үшке үш тәртібінде кім мықтыны анықтайды. Әуелі виртуалды симулятордағы сайыстан соң шынайы шаршы алаңда шайқасады. Жалпы болашақ ойындары халықаралық командалар қатысатын байрақты бәсеке болғандықтан жүлде қоры да жоғары. 4,5 млн доллар.

Дэниел Меркли, Phygital International бас атқарушы директоры:

- «Болашақ ойындары» – киберспорт және ең бастысы, фиджитал спорт тоғысқан ең ірі әрі әсерлі жарыс. Фиджитал қозғалысының басты мақсаты – бейнеойынға көп уақыт бөліп, дене белсенділігі азайып бара жатқан жастарды қайтадан спортқа тарту. Алдағы күндері көрермендер әлемдік деңгейде ұйымдастырылған керемет шоуға куә болады. Себебі цифрлық және физикалық жарыс бір арнада тоғысқанда, тартыс та, эмоция да бұрынғыдан әлдеқайда күшейе түседі

Астанадағы болашақ ойындарында қатаң іріктеуден өткен 11 команда еліміздің намысын қорғайды. Олар фиджитал спорттың барлық сегіз түрінен сынға түседі. Біздің жігіттерге Team Spirit, Valencia Basket сынды киберспорттағы әлемнің марқасқалары қарсылас екенін айта кетейік. Болашақ ойындары елу елден 800-ден астам атлеттің қатысуымен 12 күнге созылады. Алда диджитал футбол, жекпе жек түрлері, би және әйгілі Дота 2 мен контр страйктың кереметтері күтіп тұр.

Берік Дүсенбай, Айдос Меделбеков