«Әділет»партиясының төрағасы Айбек Дәдебай Құрылтай депутаттығына кандидаттармен бірге Костенко атындағы шахтаға барып, кеншілермен кездесті. Онда еңбек қауіпсіздігі, кәсіпорындарды цифрлық жаңғырту, инженерлік кадрларды даярлау, қызметкерлердің әлеуметтік кепілдіктері мен отандық өнеркәсіпті дамыту мәселелері сөз болды. Мұндағы мақсаты, сайлауалды бағдарламаны таныстыру ғана емес. «Кеншілердің ауыр жұмысын көрсету»,-деді партия төрағасы. Сондай-ақ олардың сұрақтары мен ұсыныстарын назарға алу. Костенко атындағы шахтаның желдету және қауіпсіздік техникасы учаскесі бастығының орынбасары Жұлдызбек Қойшыбай кәсіпорынның өндірістік қуаты біртіндеп артып келе жатқанын айтты. Партияның өңірлік туры алдағы уақытта да жалғасады.
Айбек Дәдебай, «Әділет» партиясының төрағасы:
- Мемлекет тарапынан Qarmet-ке үлкен қолдау көрсетіліп отыр. Нәтижесінде кәсіпорын отандық инвесторға өтті. Мұндай жұмыс өзге өңірлердегі ірі кәсіпорындарда да жалғасып жатыр. Оның барлығы адамдардың болашағы үшін жасалуда.