Премьер-министр ExxonMobil Upstream компаниясының президенті Дэн Амманмен кездесіп, ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады. Олжас Бектенов компанияның еліміздің мұнай-газ секторын дамытуға қосқан үлесін атап өтті. Сонымен қатар жаңа бастамаларды бірлесіп жүзеге асыруға мүдделі екенін айтты. Кездесуде заманауи технологияларды енгізу, өндіріс тиімділігін арттыру және геологиялық барлау жұмыстарын дамыту мәселелері де сөз болды. Тараптар мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға дайын екенін мәлімдеді