СҚО-да «Ауыл» партиясының өкілдері еңбек ұжымдарымен кездесті

  • 7
  • 03.08.2026, 19:50

Қызылжар ауданы Якорь ауылында өткен басқосуға құс фабрикасының ұжымы және ветеринарлар қатысты. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, құс шаруашылығы мен ветеринария саласын қолдау, азық-түлік қауіпсіздігі және мал шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланады. Сондай-ақ кандидаттар Атыраудағы бекіре өсіру зауытының ұжымымен кездесті. Әуелі кәсіпорынның жұмыс барысын көріп, шабақ өсіру технологиясымен танысты.

Рабиға Тоқсейтова, «Ауыл» партиясынан құрылтай депутаттығына кандидат:

-Осы уақытқа дейін 200 ауылға біздің группаларымыз жетті. Ауылды мекендерде тұрып жатқан адамдарға өзіміздің ана бағдарламамызды жеткіздік. Оның ішінде қандай-қандай мәселелерді қойып жатқанымызды оны жеткіздік.