Бектенов Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысты

  • 3
  • 06.08.2026, 19:44

Қырғызстанның Шолпан-ата қаласында Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын құрамдағы отырысы өтті, оған Премьер-министр Олжас Бектенов қатысты. Ол Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақ органдарына төрағалық етуі аясындағы Мемлекет басшысы белгілеген міндеттерді атап өтті. Жасанды интеллектіні дамыту, логистикалық хабтар, өнеркәсіп пен агросекторды цифрландыру, кедергісіз сауда, сыртқы серіктестермен диалог құру. Жиында одаққа қатысушы мемлекеттердің азық-түлікпен қамтамасыз етілуі, сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі ілгерілету мәселелері қаралды. Олжас Бектенов биылғы мамыр айында Астанада өткен отырыста президенттер қол-қойған міндеттерге де тоқталды. Ол өзара сауданы дамыту, ауыл шаруашылығы саласындағы бірлескен кооперациялық жобалар мен агроөнеркәсіп кешеніндегі қаржылылық жәрдемдесу тетіктерін қамтиды.