Respublica партиясы Шымкентте еңбек ұжымдарымен кездесті

  • 3
  • 06.08.2026, 19:44

Олар темір есік жасайтын кәсіпорын мен аллюминий өнімдерін шығаратын зауытта болды. Партия белсенділері Түркістан облысындағы балмұздақ шығаратын фабрикаға да ат басын тіреді. Кездесу барысында отандық өндірісті дамыту және қазақстандық бизнесті қолдау туралы сөз болды. Бұдан кейін Шымкенттегі «ReJastary» жастар қанатымен кездесу өтті. Басқосуға қатысушылар интелектуалдық ойын ойнап, өскелең ұрпақты толғандыратын мәселелерді ортаға салды. Кездесулер партия жақтастарының форумымен қорытындыланды. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, бір күнге созылған іс-шараларға мыңнан астам адам қатысты.

Қуаныш Шоңбай, Respublica партиясының тең төрағасы:

-Біздің мақсатымыз – бұл кісілерге ең бірінші еңбек ету, бұл жетістіктің нағыз дұрыс стратегиясы деген нәрсені біз бергіміз келеді. Өйткені еңбек етпесең білім, біліктілік болмайды дегендей, одан кейін жақсы жұмыс болмайды. Өйткені қазір жасанды интеллект беретін пайдасы көп, бірақ бір үлкен минусы көп профессияны жоққа шығарады.