Президент қазақстандықтарды Құрылтайдың алғашқы сайлауына қатысуға шақырды

  • 8
  • 21.08.2026, 19:30

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды. Президент жаңа республикалық телеарналар арқылы осындай бейнеүндеу жариялады.

Мемлекет басшысы өз сөзінде елде халықтық Конституция күшіне енгенін және ол жаңа кезеңге жол ашатынын айтты. Сондай-ақ сайлауалды науқанның бәсекеге толы болғанын және барлық өркениет талабына сай өткенін атап өтті. «Бұл сайлау – ел тарихындағы ең тартысты науқанның бірі ретінде есте қалатыны анық», - деді Президент.

Мұнан соң Қасым-Жомарт Тоқаев елде жүргізіліп жатқан реформалар өз жемісін бере бастағанына тоқталды. Халық та басқару ісіне атсалысып келеді. Ал Құрылтай әр алуан көзқарас пен ұлт келешегі жолындағы ұмтылыстар тоғысатын біртұтас алаң болуға тиіс. Сондай-ақ ел дамуына тың серпін беретін құрылымға айналуы қажет.