Ерлан Қарин: Құрылтай сайлауы – жаңа дәуірдің басы

  • 7
  • 23.08.2026, 12:05

Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қарин Астанадағы Ұлттық кітапханада орналасқан нөмірі 129-шы сайлау учаскесінде дауыс берді. Ерлан Қарин бұл сайлаудың ел тарихындағы маңызды саяси оқиға екенін атап өтті.

Ерлан Қарин, ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары:

-Бұл жолғы сайлауды шын мәнінде тарихи оқиға деп айтуға болады. Себебі наурыз айында біз жаңа Конституцияға дауыс бердік. Бірінші шілдеде жаңа Конституция өз күшіне енді. Ал бүгін осы сайлаудың нәтижесінде жаңа бір палаталы Парламент Құрылтайдың құрамы анықталмақ. Бұл шын мәнінде тарихи оқиға, жаңа дәуірдің басы.