Биыл қолға алынған конституциялық реформалар ішіндегі ең айтулы қадам болып отырған құрылтай депутаттарын сайлауында Мемлекет және қоғам қайраткері Ерлан Қошанов та өз таңдауын жасады. Ол Құрылтай сайлауы – жұртшылықтың кең қолдауына ие болған жаңа Халықтық Конституцияны іс жүзінде жүзеге асыруға бағытталған маңызды қадам деп атап өтті.