Құрылтай сайлауы: халық таңдауы қалай бөлінді?

  • 12
  • 24.08.2026, 19:30

Елімізде тарихи маңызы зор Құрылтай сайлауы өтті. Cаяси науқанға сайлауға құқылы азаматтардың 73,8% қатысты. Яғни 9 351 539 адам азаматтық ұстанымдарын білдірді. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров бүгін Құрылтай депутаттары сайлауының алдын ала нәтижелерін жариялады. Сайлауда «Әділет» партиясы 71,17 пайыз үлеспен көш бастады. Одан кейінгі орында «Ауыл» партиясы. Аталмыш саяси ұйым 6,26 пайызды иеленіпті. Үштікте 5,56 пайыз көрсеткішімен Respublica партиясы тұр. «Ақ жол» демократиялық партиясы  5,21, Жалпыұлттық социал демократиялық партиясы 5,11, ал Қазақстан Халық партиясы 3,11 пайыз дауыс жинапты. «Байтақ» жасылдар партиясы 1,07 пайыз. Ал бәріне қарсымын деп дауыс бергендердің үлесі 2,51 пайызды құрапты.