Премьер-министр Үкімет алдындағы негізгі міндеттерге тоқталды

  • 2
  • 08.09.2026, 18:30

Жаңартылған Үкіметтің алғашқы отырысында Премьер-министр: «Бәріміз Президенттің жоғары сенімін ақтауымыз керек», - деді. Олжас Бектенов жаңа Конституция күшіне енген тарихи кезеңде Үкімет алдында тұрған басты міндеттерге тоқталды. Министрлер кабинетінің жұмысы озық қарқынмен жүруі керек екенін баса айтты. Сан сала мен барлық бағыт бойынша Мемлекет басшысы қойған міндеттерді жүйелі әрі кешенді түрде жүзеге асыру қажеттігін еске салды.

Олжас Бектенов, ҚР премьер-министрі:

- Жаңа Конституция заңды күшіне еніп, мемлекетіміз саяси және экономикалық жаңғыруға қадам басқан тарихи кезеңде еліміздің одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін бәріміз жан-жақты шараларды қабылдауға міндеттіміз. Барлық бағыттар мен салалар бойынша Мемлекет басшысы қойған міндеттерді жүйелі әрі кешенді түрде жүзеге асыру қажет. «Заң мен Тәртіп» және «Таза Қазақстан» конституциялық қағидаттары әрдайым биік тұруға тиіс. Үкіметтің жұмысы кешенді шараларды қабылдай отырып, озық қарқынмен жүруі керек. Қазір толық жауапкершілікті мойнымызға алып, нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін қажетті шешімдерді жедел қабылдайтын уақыт, бәріміз Президенттің жоғары сенімін толығымен ақтауымыз керек