Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның іскерлік байланысы артады

  • 29
  • 16.09.2026, 18:31

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бизнес-саммитінде сөйлеген сөзінде Орталық Азияның әлеуетінің зор екендігіне тоқталды. Былтыр аталған аймақтағы елдердің ішкі жалпы өнімі 550 млрд долларға жуықтаған. Өсім 6% асты. Бұл  әлемдегі орташа көрсеткіштен 2 еседей жоғары, Қазақстан мыс, хром, титан сияқты стратегиялық маңызы бар ресурстарға бай. Ал Кореяның озық технологиясы бар. Мемлекет басшысы осы мүмкіндіктерді біріктіріп, геологиялық барлаудан бастап кен өндіру мен шикізатты терең өңдеуге дейінгі бірлескен жобаларды қолға алуды ұсынды. Көлік-логистика саласында да әріптестікке жол ашық. Қазақстан алдағы екі жылда Орта дәліздің өткізу қабілетін 6 млн 10 млн тоннаға дейін жеткізуді жоспарлап отыр. 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Агроөнеркәсіп өнімдеріміз әлемнің 70-тен астам еліне жеткізіледі. Экспорт көлемі 7 млрд долларға жетті. Қазақстан жер ресурстарына бай, ал Корея ауыл шаруашылығының тиімділігін арттыру және оған жоғары технологияларды енгізу ісінде көш бастап тұр. Бәсекеге қабілетті артықшылықтарымызды біріктіріп, тамақ өнеркәсібінде бірлескен кластер құруды ұсынамын. Аталған кластердің қызметі өндіріске, терең өңдеуге және өнімді сыртқы нарыққа экспорттауға бағытталады. Қазақстан корей компанияларына үлкен нарық ұсынып қана қоймай, өндіріс орындарын ашуға, технологияларды енгізуге және Еуразия нарығына шығуға мол мүмкіндік береді. Бұл корей бизнесінің көкжиегін кеңейте түседі. Сонымен қатар тұтас Орталық Азияға нақты мультипликативті әсерін тигізеді.