Қ. Тоқаев: Трамптың суперинтеллектке қатысты келісімі жаһандық үлгіге айналуы мүмкін

  • 5
  • 02.10.2026, 18:31

АҚШ Президенті Дональд Трамптың бастамасымен алпауыт компаниялар қол қойған «Суперинтеллект келісімі» жаһандық үлгіге айналуы мүмкін.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан AI & Digital Bridge 2026 халықаралық форумында осылай деді. Қазірдің өзінде елімізді толық цифрлық мемлекетке айналдыру үшін жүйелі шаралар қабылданып жатыр. Былтыр отандық IT қызметтердің экспорты 1 миллиард доллардан асты. Ал сандық шешімдерімізді әлемнің 100-ден астам елі белсенді қолданып жатыр. Бүгінде жасанды интеллекті барлық салаға дендеп енген. Ол ғылымның ғана емес, әлем экономикасының да қозғаушы күшіне айналды.

Бауыржан Ысқақ, экономист:

- Президенттің суперинтеллектіге қатысты мәселені жаһандық дәрежеге көтеруі – осыған қатысатын барлық мемлекеттің мүмкіндігін артытратын дүние. Қазақстан тек өз мүддесін ойлап отырған жоқ. Президент осы арқылы әлемдік глобализациядағы мемлекеттер арасындағы экономикалық байланыстарды бір жүйеге келтіру. Бұл бізге қосыша қаншама инвестициялық кірістердің келуі. Ендігі жерде суперинтеллекті, жасанды технологиялар – барлығы сайып келгенде Қазақстанның қосымша жаңа нарыққа, әлемдік нарыққа көшбасшы мемлекеттермен иық тіресе қатарында дамуына мүмкіндік береді.