Республика күні

Премьер-министр Экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді

  • 38
  • 19.10.2026, 18:35

Премьер-министр Олжас Бектенов Экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Жиын барысында экономикалық дамудың өзекті мәселелері бойынша халықаралық сарапшылардың ұсыныстары тыңдалды. Қатысушылар әлемдік нарықтағы қазіргі ахуал, экономикалық өсімді ынталандыру шараларының тиімділігін арттыру және халықтың әл-ауқатының тұрақты өсуіне жағдай жасау тақырыптары бойынша пікір алмасты.

Сондай-ақ экономика құрылымын нығайту және шикізаттық емес секторды әртараптандыру, Қазақстанның өнеркәсіптік саясатын жетілдіру жөнінде бастамалар сөз болды. Сарапшылар шетелдік инвестициялар ағынын көбейту және жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдай туғызу тәсілдерін ұсынды. Үкімет басшысы жауаптыларға айтылған ұсыныстар бойынша талдау жүргізуді тапсырды.