Республика күні

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрінің орынбасарларын қабылдады

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрінің орынбасарларын қабылдады
  • 24
  • 19.10.2026, 17:14

Президент Қарулы күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштер Бас штабының бастығы Айтқұрман Омарбековті және Қорғаныс министрінің орынбасары Татьяна Савельеваны қабылдады. Олар Қарулы күштердің қазіргі қызметі мен жауынгерлік әзірлігі, әскери даярлық іс-шараларын қаржылай қамтамасыз ету, Қорғаныс министрлігі бюджетінің орындалуы туралы есеп берді. Әскерді басқару жүйесін жетілдіру және сарбаздың маманданған бағытына қарай міндеттерді орындауға дайындығына айрықша мән берілді. Мемлекет басшысы Қарулы Күштердің сақадай сай болуына және армияның ең басты қажеттіліктерін қаржылық тұрғыдан өтеу, бюджет қаржысын ұтымды пайдалану мәселелері бойынша бірқатар міндет жүктеді.