Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауында ауқымды құрылыс бастамасын белсенді түрде жүзеге асыруды тапсырды. «Халықтық құрылыс» бағдарламасына сәйкес, бүкіл ел бойынша аса қажетті әлеуметтік, көлік және инженерлік инфрақұрылым нысандары салынады. Бұл маңызды жұмысты іске асыру үшін 2029-шы жылдың соңына дейін Ұлттық қордан шамамен 6,5 триллион теңге бөлінеді. Алдымен аймақтарда 70-ке жуық денсаулық сақтау нысаны салынады. 50-ге жуық білім беру, спорт және мәдениет мекемелерінің құрылысы басталады. Бұдан бөлек, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласына қомақты қаржы бөлінеді. Көптеген елді-мекенде газ және таза ауыз су тартылады.