Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Мәскеуде Тоқаевтың қатысуымен ҰҚШҰ басшыларының отырысы басталды

  • 0
  • 11.11.2026, 18:01

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысына қатысу үшін жұмыс сапарымен Мәскеуге барды. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттің басшылары жаңа антитеррорлық стратегияны қабылдап, әуе шабуылына қарсы қорғаныста өзара күш біріктіруге келісті.

Сағыныш Әбікей, тілші:

– Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының төрағалығын биыл Ресей атқарды. Мүше мемлекеттердің Мәскеуге жиналғаны да сондықтан. Қазақстан Президенті мінген ұшақ Ресей астанасына келіп қонған. Президентті Ресей Федерациясы Үкіметінің ресми тұлғалары қарсы алды.

Ал енді ұйымның кезекті отырысына оралсақ. Аймақтағы елдердің қауіпсіздігіне қатысты қандай да бір шешім қабылдауға қауқарлы ұйымның әуелден алты мүшесі бар еді. Олар: Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан мен Армения. Бұл жолы Мәскеуге төрт елдің басшысы ғана келді. 2024 жылдың ақпанында Армения премьер-министрі Никол Пашинян ресми Ереван ұйымға мүшелігін тоқтатқанын мәлімдеген. Алайда ұйымның құрамынан толық шығып кеткен жоқ. «Арменияның ұйым шеңберіндегі тағдыры осы отырыста бөлек мәселе ретінде қаралады», - деп болжаған сарапшылар.

ҰҚШҰ-ның өз миссиясы бар. Ол – мүше мемлекеттердің қауіпсіздігі мен тұрақтылығына төнетін қатерлерге тойтарыс беру, олардың аумақтық тұтастығы мен егемендігін қорғау. Бұл ретте атап өту керек, ұйым елдердің ішкі істеріне араласпау қағидатын қатаң ұстанады. Ұйымның ұжымдық қауіпсіздік жүйесінде шамамен 18 мың әскери қызметшіден тұратын жедел әрекет ету күштері бар.

Отырыстың күн тәртібіне жиырмадан астам мәселе шығарылып, оның ішінде 17 құжатқа қол қою жоспарланған. Басты саяси құжат – Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің декларациясы. Сондай-ақ осы отырыста 2030 жылға дейінгі антитеррорлық стратегияны қабылдайды деген жоспар бар.

Ал 2027 жылы ұйым төрағалығы Тәжікстанға өтеді. Мүше мемлекет басшылары келер жылы Душанбеде кездеспек.

Сағыныш Әбікей, Айдос Меделбеков, Дулат Ентебеков