Мемлекет басшысы Дүниежүзілік банктің вице-президенті Анна Бьердемен онлайн жүйесінде сөйлесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Анна Бьердеге ілтипат білдіріп, бұл оның Қазақстан мен Орталық Азияға жасаған алғашқы сапары екенін атап өтті. «Біз Дүниежүзілік банкпен арадағы көпжылдық серіктестікті жоғары бағалаймыз. Осы уақыт аралығында банк елімізге 6 миллиард доллардан астам инвестиция құйды. Қазіргі таңда сіздермен бірлесіп, әртүрлі 12 жобаны, атап айтқанда, көлік, білім беру, экология және қаржы салаларындағы бастамаларды жүзеге асырып жатырмыз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Анна Бьерде Қасым-Жомарт Тоқаевқа кездесуге мүмкіндік жасап әрі Дүниежүзілік банкпен арадағы ынтымақтастықты жоғары бағалай білгені үшін ризашылығын білдірді. Сонымен қатар ол елімізде Қазақстан Президентінің басшылығымен жүзеге асырылып жатқан реформаларды қолдайтынын айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Біз Дүниежүзілік банкпен арадағы көпжылдық серіктестікті жоғары бағалаймыз. Осы уақыт аралығында банк елімізге 6 миллиард доллардан астам инвестиция құйды. Қазіргі таңда сіздермен бірлесіп, әртүрлі 12 жобаны, атап айтқанда, көлік, білім беру, экология және қаржы салаларындағы бастамаларды жүзеге асырып жатырмыз.
Анна Бьерде, Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия өңірі бойынша вице-президенті:
- Өз сөзімді осы кездесу үшін алғыс айтудан бастағым келеді. Осы мүмкіндік үшін қуаныштымын. Серіктестігімізді жоғары бағалағаныңыз үшін ризашылығымды білдіремін. Дүниежүзілік банкке артқан сеніміңіз үшін алғыс айтамын.